Нұржан Керменбаев: енемді "анашым" деп атаймын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұржан Керменбаев: енемді "анашым" деп атаймын

Нұржан Керменбаев: енемді "анашым" деп атаймын

Қыз бала ақ босағаны аттап, келін атанған соң жарының анасын өз анасындай көріп, оған құрмет көрсетуге, «ана» деп атауға міндетті. Ал ер адамдарға келгенде бұл «ереже» жүре бермейді. Әйткенмен әнші Нұржан Керменбаев жұбайының анасын «анашым» деп атайды екен.

  • 28 Наурыз 2019
  • 244
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Нұржан «Хабар» арнасының «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ол кісіден қысылғаннан, ұялғаннан, құрметтегеннен қазір «анашым» деп атаймын. Ол кісінің өзінің қалауы болды. «Анашым» деп неге айтпайсың?» деп ренжіген кездері болды. Қатты ренжімесе де, сөзімен білдіріп қалатын. Ең басында ұзату тойға Таразға келген сәтімде алдымнан атып шықты. «Саламатсыз ба, тәте» десем: «Қайдағы тәте? Мен сенің анаң боламын» деп, содан басталды», – дейді Нұржан.

Назеркенің анасы қайта-қайта ренішін білдірген соң, Нұржан ол кісіге деген құрметін «анашым» сөзі арқылы білдіруге оқталған. Алайда тілі үйренбесе керек, басынан мынадай күлкілі жағдай өтіпті.

«Ол кісіні туған күнімен құттықтадым. Қоңырау шалып звондадым. Жоспарлап хабарластым. «Анашым, құтты болсын» деп тілегімді айтып болып, тұтқаны қоярда «жақсы онда тәте» деппін ғой. Кейін күліп, бір жағы ұялып жаттым. Ол кісі қайта-қайта айта берген соң ұялады екенсің. Оның үстіне, Назерке менің анамды «анашым» деп жүрген кезде менің оған деген құрметім, сыйым артады. Сондықтан менің де қайтарымым болсын деген ниетпен…» – дейді Нұржан.


Айта кетейік, бұған дейін Керменбаевтың Астанада өртеніп кеткен 5 қыздың оқиғасынан кейін дүркіретіп той жасаудан бас тартқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар