Жарияланды: 380

Нью-Йорк билігі қоғамдық көлік қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады

Дүйсенбі күні «Сэнди» дауылының жақындауына байланысты Нью-Йоркте қоғамдық көлік қозғалысы тоқтады, деп хабарлайды батыстың бұқаралық ақпарат құралдары.

Билік орындарының мұндай шешім қабылдауына алапат дауылдан кейін су тасып, қалаға айтарлықтай залал келуі мүмкін деген болжамдар түрткі болған. Нью-Йорктегі компаниялардың басым бөлігі жұмысын тоқтатуды жоспарлап отыр. Синоптиктердің болжамынша, «Сэнди» дауылы АҚШ-тың солтүстік-шығысына дүйсенбі күні құлайды. Дауылдың ортасында желдің қуаты сағатына 120 шақырымға жетеді. Батыстан келе жатқан циклон оны одан әрі үдете түсуі мүмкін, дейді мамандар. Нью-Йорк, Пенсильвания, Вирджиния штаттары мен Колумбия округінде ТЖ жарияланды. Табиғаттың тосын мінезінен 60 миллионға жуық адам зардап шегуі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін