Нью-Йорктен келген ұлты қазақ полицейді Шымкентте жерлес әріптесі қонақ етті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йорктен келген ұлты қазақ полицейді Шымкентте жерлес әріптесі қонақ етті

Нью-Йорктен келген ұлты қазақ полицейді Шымкентте жерлес әріптесі қонақ етті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тәртіп сақшысы болып істейтін Димаш Ниязов туралы жақында ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Шымкентте туып өскен ол Құрама Штаттарға 13 жасында кеткен екен. Қазір Димаш Нью-Йорктегі ең мықты полицейлердің бірі саналады. 

  • 25 Наурыз 2017
  • 1951
Фото - Caravan.kz

Ал оны қонақ еткен Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірхан да өз өңірінде аса танымал, деп хабарлайды Caravan.kz. Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Димашпен кездесуінен алған әсері туралы айтыпты.

"Мамандықта табысқа жету үшін үлкен жұмыс өтілі болу шарт емес. Бастысы — өз ісіңді сүю жəне принциптеріңе адал болу. Жақында Нью-Йорктің ең мықты полицейімен кездестім. Димаш Ниязов өз ісін жақсы білетін кəдімгі жігіт. Қарапайым. Ол да мен сияқты бокспен, жалпы спортпен шұғылданады екен. Димаштың Нью-Йорктегі жұмысы да біздің жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысы сияқты екен. Димаш американдық полицейлердің қалай жұмыс істейтіні туралы айтып берді. Америкада полицейлердің ешбірі құқық бұзушыларды жəне басқаларды қорқытуға тырыспайды, керісінше олармен бірге. Ол жақта бəрі заңды бұлжытпай орындайды екен, сондай-ақ белгіленген ережені бұзу ешкімнің ойына да келмейді екен. Мысалы, құрама штаттарында полицейлер тəртіп бұзушыларды тоқтатқан кезде, ерекше тəсілмен, яғни белгіленген жағынан келіп тоқтатады екен, ал серіктесі ешқашан көлікте қозғалмай отырып алмайды. Америкада формадағы адамның əрбір қадамы өзінің жəне азаматтардың қауіпсіздігі үшін белгіленіп қойған. Ал олардағы материалдық-техникалық базаның өзі қандай! Əрбір патруль тұрғындардың барлығын қамтитын деректер базасымен қамтамасыз етілген. Полиция қызметкері тоқтатқаннан кейін, санаулы минуттар ішінде қол-саусақ іздері арқылы алдында тұрғанның кім екенін жəне басқа патрульдердің өздерінен қандай қашықтықта екенін біле алады. Американдық полицияда қызметкерлердің кəсіби шеберліктерін көтеруге өте байсалдылықпен қарап, оны жұмыста жаңа технологияны пайдалануға үйретеді. Сонымен қатар, американдық полицейлер абыройларын қатты қорғайды, ал сыбайлас жемқорлық жанжалдары ол жақта сирек құбылыс. "Жүргізушілердің ешбірі формадағы адамға пара ұсынуға бата алмайды" — дейді Димаш. Біз екі сағаттан сəл аса уақыт сұхбаттастық. Енді менің əріптесімнің қызметтік бөлмесін елінен естелік ретінде ҚР ІІМ-нің гербі бедерленген қаламдар көріктендіретін болады. Өз кезегінде Димаш мені Нью-Йоркті көруге шақырды. Еңбек демалысы кезінде осы мүмкіндікті пайдаланып, сол жерде американдық əріптестерімнің тəжірибесін зерделесем деймін" деп ағынан жарылған Данияр Мейірхан (грамматика мен стилистикасы сақталған). 


Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр