Обама Дональд Трамппен бірге суретке түсуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама Дональд Трамппен бірге суретке түсуден бас тартты

Обама Дональд Трамппен бірге суретке түсуден бас тартты

АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама кеше ғана сайлауда жеңіп шыққан Дональд Трамппен бірге суретке түсуден бас тартты деп жазады The Wall Street Journal.

  • 11 Қараша 2016
  • 630
Фото - Caravan.kz

Әдетте билік бір президенттен екіншісіне ауысқан кезде көшбасшылар отбасыларымен бірге Ақ үйдің оңтүстігіндегі есіктің аузында суретке түсуі тиіс. Бұл жолы аталған рәсім өтпей қалды. Нақты себебін Обама түсіндіріп айтпаған.

9 қараша күні жірналистерге сұхбат берген Барак Обаманың баспасөз хатшысы Джош Эрнест Дональд Трампқа қатысты қазіргі президенттің пікірін жеткізген болатын. Обаманың ойынша, жаңа президент мемлекетті басқара алмайды. Дегенмен, ол халықтың таңдауын сыйлайтынын мәлімдеген.

Айта кетейік, Дональд Трамп 8 қараша күні өткен президенттік сайлауда негізгі қарсыласы Хиллари Клинтонды жеңіп, АҚШ-тың 45-ші президенті болып сайланды.


Соңғы жаңалықтар