Облыс әкімдерінің басым көпшілігі мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда енжарлық танытып отыр - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Облыс әкімдерінің басым көпшілігі мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда енжарлық танытып отыр - ҚР үкімет басшысы

Облыс әкімдерінің басым көпшілігі мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда енжарлық танытып отыр - ҚР үкімет басшысы

Облыс әкімдерінің басым көпшілігі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру туралы мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда енжарлық танытып отыр. Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Ақпан 2004
  • 651
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысының айтуынша, әр аймақтың жеке индустриялық-иновациялық даму бағдарламасын жасау жөнінде үкіметтен былтырғы жыл соңында берілген тапсырмаға қарамастан, қазіргі жағдаймен еліміздегі 14 облыстың небәрі бесеуі ғана осындай бағдарлама жасады. «Даму институттарына әр облыстың қанша жоба ұсынғанын жақсы білетіндіктен, бұл жерде мен бағдарламалардың сапасы туралы тіпті сөз қозғамай-ақ қояйын»,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысының айтуынша, бұған дейін даму институттарына әрбір облыс бір-бір жобадан ұсынады деп межеленген. «Мен бұл жерде аймақтар жоғары белсенділік танытпайынша, Елбасының стратегиясын жүзеге асыру мүмкін емес дегенді атап өткім келеді»,- деген үкімет басшысы : «мұндай белсенділікті әзірге мен аймақтардан байқай алмай отырмын»,- деп шегеледі. «Сіздер не міндеттің қажеттігі мен өзектілігін түсінбейсіздер, не болмаса, сіздердің біліктіліктеріңізге күмән келтіруге тура келеді»,- деді Д.Ахметов облыс әкімдеріне.
Д.Ахметов сондай-ақ, «бұл мәселеге біз бүгін әкімдермен жеке өткізілетін кеңесте кеңірек тоқталамыз» деп хабарлады. Бұл кеңес бүгін кешке сағат 17-де Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар