“Один дома” фильмінің актерлері қаншалықты өзгерді? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Один дома” фильмінің актерлері қаншалықты өзгерді?

“Один дома” фильмінің актерлері қаншалықты өзгерді?

Жаңа жылға 83 күн қалды, ал әлемнің барлық телеарналарынан классикаға айналған “Один дома” фильмі қайта жол тартатыны сөзсіз.

  • 9 Қазан 2018
  • 743
Фото - Caravan.kz

Фильм әлі күнге дейін көпшіліктің сүйікті фильміне айналды.

Фильмнің шыққанына 28 жыл өтті, ал фильм актерлері қаншалықты өзгерді? 

Маколей Калкин – Кевин

Басты рөлдегі Кевиннің рөлін сомдаған Маколей Каликин қазір 38 жаста, актер қазір де бірнеше фильмдер мен сериалдарға түсіп жүр. Актер нашақормен де ұсталып, өзіне қол жұмсамақ болған екен, дегенмен актер өзіне келіп шығармашылығын қолына қайта алды.

Джо Пеши – Гарри

“Один дома” фильмінде қарақшылардың бірін сомдаған Джо Пеши қазіргі таңда 75 жаста. Актер осы уақытқа дейін 50-ден астам фильмдерде ойнаған, “Оскар”, “Bafta” секілді әлемге белгілі киножүлделердің жеңімпазы. Актер қазіргі таңда "Ирландец" атты фильмге түсіп жатыр, туынды 2019 жылы жарыққа шығатын болады.

Дэниел Стерн (Штерн)

Фильмдегі тағы бір қарақшы ол әрине Марв, күлкіден қарық қылатын актердің шын есімі Дэниел Стерн (Штерн). Актер көбінесе комедия жанрындағы фильмдерде ойнап, мультфильмдерге дыбыс жазады әрі бірнеше фильмдердің режиссері. Актердің соңғы түскен фильмі – “Три дня побег” фильм соңғы рет 2009 жылы жарыққа шыққан.

Кейт Маккаллистер – Кэтрин О’Хара

Әйгілі фильмде Кевиннің анасын ойнаған Кэтрин О’Хара 64 жасқа келсе де, әлі күнге дейін көптеген фильмдерде актерлік шеберлігін көрсетіп жүр. Канадалық әрі Америкалық актриса соңғы рет осы жылы жарыққа шыққан “33 несчастье” сериалында дәрігердің рөлін сомдаған. Танымал актриса продюсер әрі сценарист болып та, өзінің бағын сынап көрген.

Джон Хёрт – Питер Маккаллистер 

Кевиннің әкесінің рөлін сомдаған Джон Хёрт. Әйгілі актер 2017 жылы 21-ші шілде күні 71 жасында өмірден өтті. Актер соңғы рет 2013 жылы «Нападение на Уолл-стрит» фильмінде ойнаған болатын.

Девин Рэтрей — Базз Маккаллистер

“Один дома” фильмінде Кевиннің ағасы Базз Маккаллистердің рөлін актер әрі сценарист Девин Рэтрей ойнаған болатын. Танымал актер осы уақытқа дейін 60-тан астам фильмдерге түскен. Соңғы рет 2016 жылы "Зачинщики" атты фильмде ойнаған.

Соңғы жаңалықтар