Өгей анасы дені сау қызын жындаханаға жатқызған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өгей анасы дені сау қызын  жындаханаға жатқызған

Өгей анасы дені сау қызын жындаханаға жатқызған

Балалар үйінде тәрбиеленген, сап-сау қызды   асырап алған анасы ақыл-есінде кемістігі бар деп жындыханаға жатқызған.

  • 1 Маусым 2023
  • 4544
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Маржан Ермекқызы "Қыздар-ай" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Маржанды ата-анасы туа сала бөбектер үйіне тапсырған. Алматы қалалық 1 балалар үйінде тәрбиеленген оны асырап алған өгей анасы 10 жасында сап-сау болса да, жындыханаға жатқызған. 

"Біз бен сіз білмейтін тағдырлар көп. Менің жолымда мен секілді дені сау болса да жындыханада жатқан бір қыз кездесті.  Менен 2 жас үлкен орыс қыз. Ол мені апайларым әкеп тастады деп айттты.  Менің түсінігім бойынша, сен сондай мекемеде жатқаннан кейін сенде мүгедектік болады, сол мүгедіктікке ақша алып отыру үшін апарып тастайтын шығар деп ойлаймын.Негізінен сондай мекемеде жататындар балалар үйінің балалары. Қорғауы мен сұрауы жоқ болғаннан кейін оларды сондай жерге апарып тастауға болады. Мен 10 жасымда сол жерге түстім, 19 жасымда шықтым. Сау деген қағазды жақында ғана 10 наурызда алдым. Бұл өте қиын жол болды", — дейді ол. 

 

 

Соңғы жаңалықтар