"Ол әйел неге Бейбіттің отбасы мен балаларын ойламады екен?!": Басы дауға қалған Бейбіт Қорғанға өнердегі әріптестері қолдау білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ол әйел неге Бейбіттің отбасы мен балаларын ойламады екен?!": Басы дауға қалған Бейбіт Қорғанға өнердегі әріптестері қолдау білдірді

"Ол әйел неге Бейбіттің отбасы мен балаларын ойламады екен?!": Басы дауға қалған Бейбіт Қорғанға өнердегі әріптестері қолдау білдірді

Екі айдан бері басы даудан арылмаған әнші Бейбіт Қорғанға өнердегі әріптестері қолдау білдірді.

  • 8 Ақпан
  • 593
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Жеңіс Ысқақова, Абай Бегей, Серікбол Сайлаубек секілді өнер иелері әншінің басына түскен сынақ дейді. 

“Бейбіт оны зорламаған шығар. Ол өз еркімен қойнына кірді. Өз еркімен, дұрыс па?!. Оның отбасы барын біле тұра, әртіс екенін біле тұра сондай қадамға барды. Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер. Ол әйел өзі үшін туды. Тумауына да болар еді. Неге Бейбіттің отбасы мен балаларын ойламады екен?! Балаларының тағдыры не болады?!. Бір отбасының ажырауына себепкер болып отыр”, – деп күйінді Жеңіс Ысқақова. 

Бейбіт Қорғанмен отбасылық достар болып араласатын журналист Қазбек Қасым өнер иесіне хабарласып істің ақ-қарасын сұраған көрінеді. 

“Егер оның баласы екені расталса көмектесер еді. Далада жатқан бала жоқ. ДНҚ сараптамасы қалай болады, сол бойынша әрекет еткен дұрыс. Мен досымнан да сұрап көрдім. “Жоқ” деп сенімді айтып отыр. Оны өзі де білмеуі мүмкін”, – дейді журналист. 

Ал Абай Бегей 4-5 жыл бұрын өтіп кеткен оқиғаны неге қозғап отырған деп бейтаныс келіншекке ренжіді. 

“4-5 жылдан кейін келіп, жала жабатындар көп қой. Анық-қанығын білу керек. Ол кезде қасында болған жоқпыз. Негізі қыз-келіншектер айналамдағы жігіттерден ақша сұрап, хабарласатындар бар екен. Соны да естігенмін. Егер баласы екені расталып жатса алиментін төлеп, әкелік жауапкершілікті арқалау керек. Бірақ Бейбіт ондай бала емес. Танымал болғасын ілініп тұр деп ойлаймын”, – дейді Абай Бегей. 

Еске салайық, Бейбіт Қорған ДНҚ сынамасын тапсырғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар