”Ол кезде 8 сыныпта едім”: Дикий Арманның бұрынғы әйелі онымен қалай танысқанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 496.41
  • 542.77
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ол кезде 8 сыныпта едім”: Дикий Арманның бұрынғы әйелі онымен қалай танысқанын айтып берді

”Ол кезде 8 сыныпта едім”: Дикий Арманның бұрынғы әйелі онымен қалай танысқанын айтып берді

Өзін Дикий Арманның “бұрынғы әйелімін” деген Зәуреш Жұманова онымен қалай танысқанын айтып берді.

  • 10 Ақпан
  • 10282
Screenshot

Бұл туралы ол Блогер Бота Әбдірамановаға берген сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ол кезде мен 8 сыныпта оқитынмын. Менің сыныптасым Асқар дзюдомен айналысатын. “Дзюдоға жазылыңдар” деп екі қыз болып жазылдық. Сені бір жігітпен таныстырайық деді. Ол кезде Арман бокспен айналысатын. Оның ол кезде сондай танымал екенін білмедім. Ол сол кездің өзінде танымал болып, бокстан екінші болатын. Ол кезде оның криминалға ешқандай да қатысы жоқ еді. Біз жарыстарда кездесіп жүрдік. Тек 1 курста ғана ол қоңырау шалып, кездестік”, — деді Дикий Арманның экс-жары.

Сондай-ақ, ол қылмыс әлемінің серкесіне қалай тұрмысқа шыққанын да айтып берді.

”Ол “көлікке отыр” деді. Мен “жарайды” дедім. Ол үйінен бірдеңе алып кететінін айтты. Мен шорты киіп алған едім. Оның үйіне кірсек, маған орамал жапты. Ұрлап алып қашты, болды”, — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Дикий Арман атымен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған болатын.