Жарияланды: 50

"Оларды халық қаһарманы етудің қажеті жоқ": Тоқаев қаңтар құрбандары туралы айтты

"Оларды халық қаһарманы етудің қажеті жоқ": Тоқаев қаңтар құрбандары туралы айтты

Қазақстан президенті Ресейдің "Россия 24" арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында президент қаңтар оқиғаларына тоқталып өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл шындығында мемлекеттік төңкеріс болды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, бұл қақтығыстарды ұйымдастырушылар өте кәсіби түрде жұмыс істеген. Әсіресе Алматы қаласы үлкен жапа шекті. Олар бейбіт адамдарды өлтіріп, билік өкілдеріне шабуыл жасады. Сондықтан оларды халық қаһарманы етудің қажеті жоқ", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл үлкен масштабды оқиға болғандықтан тергеу жұмыстары ұзаққа созылады.

"Менің әсіресе жас сарбаздарға жаным ашиды. Оларды өлгенше соққыға жығып, жалаңаш денесімен тірі қалқан ретінде пайдаланған. Енді елімізде мұндай оқиғалар қайталанбауы керек", –  деді президент.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін