"Оларды сәләф деп айта алмаймын": Дарын Мубаров Бекболат, Мұхамеджан, Балғынбек туралы өз ойын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оларды сәләф деп айта алмаймын": Дарын Мубаров Бекболат, Мұхамеджан, Балғынбек туралы өз ойын айтты

"Оларды сәләф деп айта алмаймын": Дарын Мубаров Бекболат, Мұхамеджан, Балғынбек туралы өз ойын айтты

Белгілі уағызшы Дарын Мубаров әруаққа сыйынуға болмайды деген сөзі үшін уахабист атанғанын мәлімдеді.

  • 7 Желтоқсан 2023
  • 2195
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

"Медреседе оқып жүргенде, кітаптарда моладан, әруақтан тілеу, оның басына түнеу дегенді шариғат қолдамайтынын оқыдым. Палшылыққа бару исламға қатысы жоқ екен. Ол кезде мешіттегі имамдар әулиеге барып түнесе, құдай береді деген нәрселерді қолдайтын. Ол кездегі имамдардың деңгейі сондай, Сары Әулие келсе, мінберінен түсіп, уағыз айтуға беріп қоятын. Қазір енді имамдардың деңгейі көтерілді ғой, ешкім алдап бара алмайды. Сонымен, ойланып, сол ойымды жинақтап мынау дұрыс емес сияқты, елдердің молаға түнеп, сол жерден тілеп жатқаны шариғатқа, хадиске сай келмейді екен дедім. Сол кезде Нұрғали ағамыз Дарын, сенің сөзіңе сенемін елдің бәрі істеп жатыр, қалай болады екен деп ойланып қалды. Тағы бір ағамызға айтып едік, Дарын, сен қайдан білесің, өз бетіңше оқымашы өз бетіңше оқысаң адасып кетесіңұстаздан артық білмейді соның айтқанының бәрі дұрыс деді. Сосын мен ұстаздан сұрап едім, ұстаз ата-бабамыз дегеннен басқа құрнаннан, хадистен нақты ештеңе алып келе алмады. Қазақта тарихты аңыз құртады деген мақал бар ғой. Сол сияқты дін де аңыздан тұрмау керек, дәлелден тұру керек. Ешқандай дәлел болмағаннан кейін өз ойымда қалдым. Палшыға баруға болмайды, әруақты құрметте, бірақ сыйынба деген сөзді мен айтқан едім. Ертесіне мешітке келсем, мешіттің жартысы біртүрлі болып тұр екен. Жасы үлкен ағамыз бар еді, сол келіп мен есікке кіргеннен бастап айқайлады сен уахабит болып кеттің деді. Ол кезде мен уахабит дегеннің не екенін түсінбедім. Менің ең алғаш уахаби деген атқа ие болған кезім әруаққа сенуге болмайды деген сөзді құраннан оқып айтқан кезім еді", — дейді ол. 

Сондай-ақ, уағызшы журналистің "Бекболат Тілеухан, Балғынбек Имаш, Мұхаммеджан Тазабекті шәкірт деп санайсыз ба" деген сұрағына да жауап берді. 

"Енді олар өздері сыртымнан сыйлап, ұстазым деп айтып қалмаса, мен оларды шәкіртім деп айта алмаймын. Біз дастархан басында кездесіп қаламыз. Ол кісілерді көремін, сөздері дұрыс, ойлау жүйелері, парасаты бар кісілер. Екіншіден, оларды сәләф деп айта алмаймын, елдер сыртынан айта беретін шығар. Менің оларға беретін бағам — құдайды танып, сол құдайға құлшылық қылып, бес уақыт намазын түгендеп, сол құранда келген нәрсені шамасы келгенше істеп жүр. Менің білуімде, бұл жігіттер ақыл тоқтатып қойған, біреуге ілісіп кететіндерге мүлде ұқсамайды. Оларды сылаймын, құрметтеймін. Менің өлшеуімде олар сәләф деп айтатын кісілер емес", — дейді Дарын Мубаров. 

 

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр