"Өлікбай деп жазып қойған": Алматыдағы ескерткіште Кеңес Одағының батыры Қосаевтың есімі қате жазылған - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өлікбай деп жазып қойған":  Алматыдағы ескерткіште Кеңес Одағының батыры Қосаевтың есімі қате жазылған

"Өлікбай деп жазып қойған": Алматыдағы ескерткіште Кеңес Одағының батыры Қосаевтың есімі қате жазылған

Әлікбай Қосаев - әйгілі жиырма сегіз панфиловшылардың бірі.Әлеуметтік желіде оның есімі ескерткіште қате жазылғаны жайлы айтылуда. 

  • 5 Сәуiр 2022
  • 371
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Almaty.v.obektive Instagram парақшасында ескерткіште адамның есімі дұрыс жазылмағанына шағымданды.

"Аты толығымен қате жазылған. Өлікбай деп жазылған, дұрысы — Әлікбай. Есеболатовты түзетті. Назар аударғандарыңыз үшін рахмет," — деп жазды оқырмандар.

Әлікбай (Әлмембай) Қосаев  2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагер.1934 жылы Қосаев Алматыда құрылыста жұмыс істеді. 1941 жылы 18 шілдеде Қосаев әскер қатарына шақырылып, Алматыда құрылған 316- атқыштар дивизиясында болды. Ол Дубосеково темір жолы айырмасында болған панфиловшылар тобының аңызға айналған шайқасына катысушы. Күші басым жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапты. Осы шайқаста корсеткен ерлігі үшін Қосаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді

"Ескерткішті орнатқан кезде ешкім тексерген жоқ па?", "Сөз жоқ", "Комиссия керек. Бұндай қателікті қалай жіберді?", "Недеген сауатсыз адам"- деп желі қолданушылар наразылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар