Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

“26 желтоқсан күні Алматы қалалық қорғаныс істері департаментінің жиын бөлімінде әскер қатарына шақырылушылардың салтанатты жиыны өткізілді. Шақырылғандардың арасында – екі олимпиада чемпионы да бар. Олар жүзгіш Дмитрий Баландин және ауыр атлет Ниджат Рахимов”, – деп хабарлады қалалық қорғаныс істерді департаменті.

20161226190810

Жыл сайын Алматыда 2 мыңға жуық жігіт әскер қатарына шақырылады. Бұл жолы шақырылған 50 ер жігіт Астана қаласындағы №5537 әскери бөліміне борыштарын өтеу үшін аттанады.<

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 1191
Фото - Caravan.kz

20161226190810

Жыл сайын Алматыда 2 мыңға жуық жігіт әскер қатарына шақырылады. Бұл жолы шақырылған 50 ер жігіт Астана қаласындағы №5537 әскери бөліміне борыштарын өтеу үшін аттанады.

Салтанатты жиын кезінде олимпиада жеңімпаздары қарумен саптық әрекеттер жасады. Дмитрий Баландин өз кезегінде барлық шақырылғандарға сәттілік тіледі.

20161226190829

Еске сала кетейік, екі чемпион да әскер қатарына шақыру қағазын олимпиадаға дейін алған болатын.


20161226190814

“Әр адам өз отанына қызмет етуі тиіс. Армия – әрбір ер адам өтуі тиіс мектеп. Мен бұған әрқашан дайынмын және бүгін әскери форманы да ерекше мақтанышпен кидім”, – деді Рахимов.

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин Рио олимпиадасында 100 метрге жүзу сынында олимпиада алтынын иеленді. Ал Ниджат Рахимов ауыр атлетикадан 77 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар