"Олимпиада ойындары - Лондон 2012" тақырыбындағы арт-шығармалар байқауы жарияланды
![]() |
Бритиш Консул үздік арт-шығармаларға байқау жариялады. "Олимпиада ойындары - Лондон 2012" тақырыбы бойынша өтетін сайысқа 16-35 жас аралығындағы кез келген қазақстандық тәуелсіз суретшілер мен дизайнерлер қатыса алады. |
Олардың арасында өз бағын сынауға университет, көркемсурет мектептері мен студияларының студенттеріне де мүмкіндік беріліп отыр.
Жеңімпазға 1 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай сыйлық беріліп, шығармасы 1 жыл бойы Бритиш Консул кеңсесіне келушілердің тамашалауына ұсынылады. Онда қазіргі заманғы компьютер мен сандық технологияның көмегімен салынған үздік шығармаларға 300 доллар көлеміндегі арнайы жүлде тағайындалып отыр. Сондай-ақ байқау жеңімпазы мен 7 жүлдегерге Бритиш Консул сертификаттары мен әлемдік әйгілі брендтердің кәсіби құрал-жабдықтарының топтамасы сыйға берілмек. Ал ақтық турына шыққан барлық үміткерлердің шығармалары үшін қазан айында Алматыда арнайы көрме ұйымдастырылмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін