Олимпиадада латвиялық спортшы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен өнер көрсетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиадада латвиялық спортшы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен өнер көрсетті (ВИДЕО)

Олимпиадада латвиялық спортшы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен өнер көрсетті (ВИДЕО)

Қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанау қысқа бағдарламасымен басталды. 30 спортшыдан іріктелген 24 мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада жүлдеге таласады.

  • 8 Ақпан 2022
  • 143
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Qazaqstan.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыста Латвиялық Денис Васильев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен өнер көрсетіп, көрерменді тәнті етті. Қорытынды нәтижеде Денис 85.30 ұпай жинап, 16-орыннан көрінді. Енді ол еркін бағдарламада сынға түседі.

Желі қолданушылар : "Жарайсың Денис Латвиялық фигурист, Қазақстаннан олимпиядаға фигурист шықпасада, Абайдың "Айттым салем Қаламқас" əніне билегені, Денисті Қазақстаннан шыққан фигуристей сезініп жатырмыз. Сәттілік Денис, бірінші орын ал, алтынға жет","Бапкерге браво", "Мынаны қазақ азаматы етіп қабылдау керек", — деп Латвиялық спортшыны қолдап жатыр.

Видеоның толық нұсқасы осы сілтемеде: 
https://www.youtube.com/watch?v=QgtOEgstVFM

Соңғы жаңалықтар