10 ақпандағы жағдай бойынша, індетке шалдыққандар саны 139 адам болған еді, деп хабарлайды Қазақпарат ТАСС ақпаратына сүйеніп.
«Сенбі күнгі жағдай бойынша норовируспен ауырғандар саны 158-ге жетті. Олардың кейбірі ауруханада ем алды. 139 адам толықтай айығып кетсе, 19 науқас дәрігерлердің жіті бақылауында. Қазіргі таңда бір де бір спортшы бұл вирусты жұқтырған. Жоқ», — деді Сон Пэк Ю.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Олимпиада ойындарында құқықтық тәртіпті күзетумен айналысатын жеке компанияның 1 200-ден астам қызметкері норовирус салдарынан жұмыстан шеттетілген еді.