Олимпиаданы тамашалауға барған қазақстандықтар Сеул әуежайының жертөлесіне қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиаданы тамашалауға барған қазақстандықтар Сеул әуежайының жертөлесіне қонды

Олимпиаданы тамашалауға барған қазақстандықтар Сеул әуежайының жертөлесіне қонды

Қазақстандықтар Инчхон халықаралық әуежайында қамалып қалды

  • 12 Ақпан 2018
  • 1387
Фото - Caravan.kz

Жазира Таубалдинованың айтуынша, олар Сеулге әкесімен бірге медициналық тексеруден өту үшін және Олимпиада ойындарын тамашалау үшін келген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана тұрғынына сілтеме жасап. Олардың онда жүргеніне екі күн болған.

"Біз 10 ақпанда келдік. Өз қаражатымызбен тексерілуге және соған қоса Олимпиада ойындарын тамашалау үшін келдік. Сенбіден бері әуежай аумағында жүрміз. Үстелдерде ұйықтап, асханадан тамақ ішіп жатырмыз, алайда ас мәзірінің көп тамақтарын жей алмаймыз. Барып қайтатын билеттерді, қонақүй бронын көрсеттік, алайда бізді өткізбейді. Себебін де түсіндірмейді. Билеттеріміз бен төлқұжаттарымызды алып алды. Бізді жертөлеге жіберді, шамамен 20-30 шақты қазақстандық азамат осы жерде жүр", — дейді қыз бала.

Қыздың айтуынша, көптеген қазақстандық бүгін елге қайтып ұшып кеткен.  

"Әкеміз екеуіміздің ертең Астанаға билетіміз бар. Көбінің қайтатын билеті жоқ. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігіне хабарласа алмай отырмыз", — дейді Жазира.  


ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 
 
"Біздің дипломаттар мән-жайды анықтап жатыр. Өз азаматтарымызға қолдан келген көмекті аяп қалмаймыз. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяға баратын кездегі ұсыныстармен жіті танысуға кеңес береміз", — деді ведомство баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. 
 
 
Соңғы жаңалықтар