«OLX» -та медициналық анықтама да сатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«OLX» -та медициналық анықтама да сатылады

«OLX» -та медициналық анықтама да сатылады

Жамбыл облысында медициналық анықтамалық алу үшін ауруханаларға барудың қажеті жоқ. Медициналық мекемеге барып денсаулықтың дұрыстығын растайтын анықтама сатып алу қалыпты жағдайға айналғалы қашан.

  • 20 Сәуiр 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Енді дәрігерлер жаңа технологияға сүйеніп өз қызмет түрлерін жетілдіріпті. Яғни ғаламторда жарнама іліп сауданы қыздыра түскен. Бұл туралы zhasalash.kz сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «OLX» веб-сайтын мониторингтеу барысында «086у медициналық анықтама» сату туралы жарнаманы анықтаған.

Өз кезегінде олар «Құпия сатып алушы» әдісін қосып, азамат А.Мұрат телефон арқылы Тараздағы №7 қалалық емхананың қызметкері Б.Досымбековамен сөйлесіп, ешқандай дәрігерлік тексерусіз одан «086у медициналық анықтамасын» сатып алады. Аталған анықтамалықта №7 емхана дәрігерлерінің мөрлері басылып, қолдары қойылған.

Қазіргі таңда Б.Досымбековамен еңбек шарты тоқтатылып, аталған емхананың 5 қызметкері түрлі тәртіптік жазаларға тартылған.


Оқи отырыңыз:

Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ

ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады

 

Соңғы жаңалықтар