"Омар Жәлел деген арсыз күндіз-түні қазақ халқын аздырумен айналысып жүр" - Ахметбек Нұрсила - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Омар Жәлел деген арсыз күндіз-түні қазақ халқын аздырумен айналысып жүр" - Ахметбек Нұрсила

"Омар Жәлел деген арсыз күндіз-түні қазақ халқын аздырумен айналысып жүр" - Ахметбек Нұрсила

Танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Абайтанушы Омар Жәлелді тағы да сынның астына алды.

  • 27 Сәуiр 2023
  • 7268
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Омар Жәлелдің айтуынша Қазақта 2 ұлы мақал бар екен

1. "Ойнас қыл да ұл тап"

2. "Ұрлық қыл да мал тап"

Содан кейін Сюцай Жанат арсыздың ақшасына "Мораль, яғни Ар Ұят деген ұғымдарды тастау керек, ол қазақты адам қылмай, ез қылған" деген сыңайдағы мақалаларды тігісін жатқызып жазып таратып жатыр(((

Мына жазбаларын оқып төбе шашым тік тұрды!

Елді мүшесімен емдеп жүрген Жанат Қожамжаров деген арсызға, 4-5 отбасын ойрандап, жас қыздарды уақытша әйел қылып, шиттей балаларымен тастап жүрген Омар Жәлел деген арсыз қосылып алып, күндіз-түні қазақ халқын аздырумен айналысып жүр..

Осы сенбі күні бір мықты ютуб каналында осы тақырып жайлы ток шоу болады, сол жерде тағы да бет перделерін сыпыруға тырысамыз..


Көзі қарақты біраз қазақтың жігіттері жекеме шығып "Омар өзін тыңдайтын, құрметтейтін бар қазақты апарып ана Жанат арсыздың сектасына тығып жатыр, бірдеме істеу керек" деп жазып жатыр", — деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар