Омбы қазақтарының көшбасшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омбы қазақтарының көшбасшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды - БАҚ

Омбы қазақтарының көшбасшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды - БАҚ

БАҚ мәліметтеріне қарағанда оны қасақана банкроттық жасады деп айыптап отыр.

  • 22 Қаңтар 2019
  • 94
Фото - Caravan.kz

Омбы полициясына сілтеме жасап хабарлаған Город55 басылымы, сыра өндіретін жергілікті кәсіпорындардың бірінің 55 жастағы директорына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазды. Ер адамды қасақана банкроттық жасады деп айыптап отыр.

Мәліметтерге қарағанда ол өзінің несие берушілеріне 171,7 млн рубль шығын келтірген. Енді оған 6 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

«Борышкерде үшінші реттік тізімге кіретін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткілікті мүлкі болмаған. Жалпы шығын 171 6 946 86 рубль болды, осылайша қылмыстық іс бойынша тартылған адам осы іс бойынша кредиторларға үлкен шығын келтірді», — деп жазды мекеменің баспасөз қызметі

Городу55-ке белгілі болғандай мәселе Омбы облысындағы қазақтардың «Бірлік» аймақтық қоғамдық ұйымының президенті Бахытжан Әлжанов жайлы болып отыр.


Тергеу мәліметтеріне қарағанда кәсіпкер қарыз ақшасын қайтара алмайтыны жайлы алдын ала білген. Сол себепті тауарының көп бөлігін сатып, ал ақшасын жасырып қалған.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда мәселе Әлжановқа тиесілі кәсіпорындарды банкротқа ұшырату жайында болып отыр. 2016 жылы «Партнер» ААҚ, «Гарант-Алко» ААҚ, «Мир напитков» ААҚ дәрменсіз деп танылып банкрот болған еді.Ол кезде де аталған кәсіпорындардың құрылтайшысы Әлжанов болатын. Сондай-ақ оған 2016 жылы мамыр айында банкрот деп жарияланған «Центр торговли пивом» ААҚ да тиесілі болатын.

Басылымның жазуынша, Әлжановтың өзі де банкроттық рәсімінен өткен. Оған қарсы 2016 жылы 4 атқарушылық іс қозғалды, бірақ олардың бірде-біреуі қанағаттандырылмады. Оған борышкердің қайтаратын мүлкі болмаған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар