Омикрон штамын жеңдік - ДСМ басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омикрон штамын жеңдік - ДСМ басшысы

Омикрон штамын жеңдік - ДСМ басшысы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге күрт төмендегенін түсіндірді.

  • 18 Наурыз 2022
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

ДСМ басшысы омикрон штамын жұқтырғандар саны қысқа мерзім ішінде ғана артқанын атап өтті. Ол шамамен бір айға созылған — биыл 11 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

"Бұл халықтың ұжымдық иммунитетіне байланысты болып отыр. Бірақ ауру әлі де таралуы мүмкін. Менің ойымша, вирус ретінде омикрон штамын жеңдік", — деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ажар Ғиният бүгінде еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта екенін еске салды.


"Бұл COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған шаралардың тиімділігіне байланысты болып отыр. Сонымен қатар, әлемде омикрон штамын жұқтырғандар саны артып жатыр. Бірқатар елде ол екі айдан аса уақытқа, кейбір елде үш айға созылады", — деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

Соңғы жаңалықтар