Омикрон штамының жаңа түрі анықталған елдер саны артып жатыр - ДДСҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омикрон штамының жаңа түрі анықталған елдер саны артып жатыр - ДДСҰ

Омикрон штамының жаңа түрі анықталған елдер саны артып жатыр - ДДСҰ

 

  • 5 Мамыр 2022
  • 15
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша апта сайынғы эпидемиологиялық есебінде омикрон штамының жаңа түрі анықталған елдер саны артып жатқаны айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы РИА Новости агенттігі.

Ұйым мәліметінше, омикронның BA.4, BA.5 және BA.2.12.1 нұсқалары бірнеше мемлекетте тіркелген.

"GISAID вирус геномдарының халықаралық дерекқорына және ДДСҰ мен мемлекеттердің аймақтық бөлімшелерінің есептеріне сәйкес, осы үш нұсқаның анықталғандығы туралы хабарлаған елдер саны артып келеді", — делінген ДДCҰ құжатында.

Сондай-ақ, ДДСҰ мәліметтері бойынша жалпы коронавирус жұқтыру дерегі азайып жатыр. 25 сәуірден 1 мамырға дейінгі аралықта әлемде короновирус жұқтыру саны 17 пайызға азайып, ал өлім алдыңғы аптаға қарағанда 3 пайызға төмендеген (18 сәуірден 24 сәуірге дейін).


Соңғы жаңалықтар