Жарияланды: 14400

Өмір бойына сотталған Владислав Челахтың адвокаты оның қазіргі жағдайы туралы айтты

 Өмір бойына сотталған Владислав Челахтың адвокаты оның қазіргі жағдайы туралы айтты

2012 жылы 28 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетінде 15 адамның өмірін жалмаған қанды оқиға болды. 14 жас сарбаз бен 1 қорықшы түсініксіз жағдайда көз жұмды.

Кінәлі ретінде тағы бір шекарашы Владислав Челахқа ҚР ҚК 8 бабы бойынша, нақтырақ айтқанда «Екі және оданда көп адамды өлтіру», «Құпия құжаттарды ұрлау», «Қару ұрлау», «Заңсыз қару алып жүру», «Әскерден қашу» және «Өзгенің үйіне заңсыз басып кіру» деген айыптар тағылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сaravan.kz медиа-порталының тілшісі бес жыл бұрын Челахты сотта қорғаған адвокаты Серік Сәрсеновпен хабарласып, жазасын өтеушінің хал жағдайын сұрастырып көрді.

- Сот процесі кезінде Владиславқа үнемі «оқы, оқы!» деп айтып отырдым. Ол тілімді алып қазір түрлі әдебиеттерді оқып жүр. Маған туыстары арқылы сәлем жолдап қояды. Мен оған сол кезде-ақ «Үмітіңді үзбе! Әлі жассың. 5-10 жыл өткен соң бәлкім әділдік жеңеді! Бәрі өзгереді», деп айтып отырдым, дейді Серік Сәрсенов.

- Ал шекарашылардың ата-аналарын қорқытып тастаған. Денис Рейдің анасын қорқытқаны соншалық, басында ол өзі «мемлекетке қатысты арыз жазайық» деді. Мен жаздым. Қаншама заң актілерін көтердім, қаншама құқықтық актілер таптым. Бірақ кейін Рейдің анасы «арызды қайтып алайықшы» деді. Сонымен бітті. Әрине оларды мен түсінемін, дейд адвокат.

Оның пайымдауынша, елімізде сот саласы, әділ төрелік жылдан жылға төмендеп барады.Тіпті ол елдегі сот төрелігін реттеуге қатысты Елбасыға арнайы форум өткізу туралы ұсыныс жасайық деп бірқатар партиялар мен қоғамдық ұйымдарға айтып көріпті. Бірақ бұл тақырыпты қозғауға бәрінің қорқатынын айтады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін