Өмір сүруге жақсы қалалар тізімінде Мельбурн 4-ші рет бірінші орынға шығып отыр - Economist - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмір сүруге жақсы қалалар тізімінде Мельбурн 4-ші рет бірінші орынға шығып отыр - Economist

Өмір сүруге жақсы қалалар тізімінде Мельбурн 4-ші рет бірінші орынға шығып отыр - Economist

Ресейлік-украиналық қатынастардың дағдарысы аясында өткен жылы Мәскеуде,

  • 20 Тамыз 2014
  • 473
Фото - Caravan.kz

Санкт-Петерборда және Киевте өмір сүру деңгейі елеулі төмендеді, бұл Economist Intelligence Unit (EUI) жүргізген зерттеудің нәтижелері, ол британдық The Economist журналының аналитикалық бөлімшесі болып табылады.

Зерттеуде атап өтілгендей, Украинадағы оқиғалар бұл қалаларды "іліп әкеткен". Business Insider айтуынша,ондай факторлар қатарында Ресейде рубль бағамының әлсіреуі, инфляцияның күшейгені,қайталама рынокта тұрғын үй бағасының теріс динамикасы, жалпы алғанда тұрақтылықтың жоқтығы.

Соңғы бес жылда жайлылық көрсеткіштері Санкт-Петербор мен Мәскеу үшін 3,3% төмендеген, Киев үшін 17,8%, бұл қалалар сәйкесінше 140 атаудан 70, 73 және 124 орындарды алған.

Өмір сүруге жақсы лайықталған қалалар тізімінде Мельбурн 4-ші рет бірінші орынға шығып отыр. Екінші орында Вена, сосын алғашқы бестікте канадалық үш қала Ванкувер (3), Торонто (4) және Калгари (5/6), Калгари 5-6 орынды Аделаидамен бөлісті (Австралия).


Қаланың тартымдылығы әлеуметтік тұрақтылық, қауіпсіздік, медициналық қызмет, мәдени инфрақұрылым және экология сияқты көрсеткіштерге орай бағаланады.