Өмірбек Текебаев Қырғызстан парламентінің төрағасы болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмірбек Текебаев Қырғызстан парламентінің төрағасы болып сайланды

Өмірбек Текебаев Қырғызстан парламентінің төрағасы болып сайланды

Өмірбек Текебаев Қырғызстан парламентінің төрағасы болып сайланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 28 Наурыз 2005
  • 536
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 28-наурызда өткен Жогорку Кенеш отырысында жасырын дауыс беру нәтижесінде Өмірбек Текебаевтың кандидатурасын 63 депутаттың 56-сы қолдап дауыс берсе, 6 адам қарсы болып, бір бюлллетень заңсыз деп танылды.

Бастапқыда парламенттің төрағасы лауазымына үш адамның есімі ұсынылған. Алайда дауыс беру алдында Кубатбек Байболов пен Жанторо Сатыбалдиев өз кандидатураларын қайтарып алды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-наурызда Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы Тұрғынәлі Әбдірайымов жаңадан сайланған парламенттің өкілеттігін сайлау комиссиясы мойындағанын мәлімдеген.