Өмірден өткен Кенжебек Әбіш еліміздегі бүлік туралы қандай болжам жасаған еді? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өмірден өткен Кенжебек Әбіш еліміздегі бүлік туралы қандай болжам жасаған еді?

Өмірден өткен Кенжебек Әбіш еліміздегі бүлік туралы қандай болжам жасаған еді?

Қоғамда саяси белсенді ретінде танылған, коронавирус тарайтынын ең алғаш болжаған марқұм, Кенжебек Әбішев елдегі бүлік туралы және қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы қандай болжам жасаған еді?

  • 17 Қаңтар 2022
  • 1468
Фото - Caravan.kz

Марқұм жаңа жылдан соң өзгеріс болатынын алдын ала айтқан болып шықты. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның болжам жасаған, аян берген видеосын назарларыңызға ұсынамыз!

"Үлкен өзгеріс болады, аяқ асты басталады. Сәуірдің ортасында ай толады, ай толғанда мұның нүктесі қойылады. Елді үлкен өзгеріс болады, аяқ асты болады. Ешкім күтпеген жердің арты үлкен дауға айналады. Бұл айғайдың арты ақпанға жетеді. Наурызда ғана шешімін табады. Сәуірдің ортасында ай толады, ай толғанда мұның нүктесі қойылады. Әрі қарай бәрі жақсы болады. Болашақтың бәрін бір Алла біледі. Алла сүйікті құлдарының әруағы арқылы аян береді. Коронавирустың келетініне аян берді, елеген адам болмады. Сақалдылар мені "Аллаға серік қосушы, ширк, әруақ жоқ" деген жаман сөздер айтты. Мен тек дәнекермін. Қазір жат, діни ағымдар қазақты бұрынғы өзінің бағытынан, салт-дәстүрінен, әруағынан, тарихы жағынан өте қатты жұмыс істеді. Сол себептен, қиындау болды. Алла сақтасын! Аллаға ешкім серік қоса алмайды! Алла жалғыз! Бірақ, Алла тағала аян береді, белгісін береді. Тек сүйікті құлдарына ғана жеткізеді", — деді Кенжебек Әбіш.

Видео: 
https://youtu.be/1hna1ACW8kI

Соңғы жаңалықтар