Жарияланды: 920

Өмірден түңіліп кеттім: Майғазиев қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарға ренжулі

Өмірден түңіліп кеттім: Майғазиев қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын жақтағандарға ренжулі

Сәкен Майғазиев соңғы күндері елімізде үлкен талқыға түскен оқиғаға қатысты кезекті жазбасымен бөлісті. Әнші қытайларды жақтағандарға ренішін білдірді.

“Соңғы бірер күн көлеміндегі талқыланып жатқан жайтқа қатысты қытайдың сөзін сөйлеп, қазаққа қарсы шыққан пікірлерді де оқып, өмірден түңіліп кете жаздадым. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : “Кім қай қауымды жақсы көрсе (сөзін сөйлесе, жақтаса) қияметте сонымен бірге тіріледі “, деді. “Бауырыңа қарсы шайтан лағнетке әскер болма”, дегенді де адамзаттың асылы, сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с) айтты. Таңдау өздеріңізде. Айтарым осы. Раббым! Дін дұшпандарын да, ұлт дұшпандарын да тура жолға сала гөр. Бізді де, оларды да кешіре гөр. Ұрпақтарымыздың өзге ұлтқа құл, күң болуынан өзіңе сыйынамыз. Текті тамырдан тараған бауырлар, сіздерге Аллаһ тағала екі дүниенің жақсылығын берсін. (қазақ болып туғанына өкініп, сатқындардың сойылын соғатын санасыздармен салғыласуға жүйкем де, жүрегім де шыдамайды.) Бәріңізді бір Аллаға тапсырдым”, – деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін