Он бір көлік зардап шекті: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Он бір көлік зардап шекті: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Он бір көлік зардап шекті: Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жамбыл облысында DAF жүк көлігі он көлікті жапырып кетті. Соның ішінде екі автобус та бар. Бірнеше авто отқа оранды. Ал Toyota-ның жолаушысы сол жерде көз жұмды.

  • 15 Маусым 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында түнгі сағат 3:15-тің кезінде болған. Алдымен "Scania" маркалы жүк көлігінің тіркеуіші өздігімен өрттенді. Тілсіз жау біраз жерге шарпыды. Содан жолды жабуға тура келді.

Басқа көліктер 500-600 метр жетпей, тоқтай бастады. Кептеліс пайда болды. Тура 25 минуттан кейін DAF маркалы жүк көлігі жиналып тұрған он көлікті жапырып кетті. Соның ішінде екі Toyota Camry, Audi 100, екі "Van Hool" автобусы, Chevrolet Cobalt, Daimler Chrysler, BMW Х5, Toyota Alphard және Audi 80 бар.

Жол апаты кезінде төрт көлік — DAF, екі автобус пен Audi отқа оранды.

"Toyota Camry-дің жолаушысы сол жерде көз жұмды. Бұдан бөлек, 9 адам сан алуан жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш адам жансақтау бөліміне жатқызылды", — дейді департамент мамандары.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Жол жүру ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.


Ал Sputnik Өзбекстан порталы бір автобуста 31 Өзбекстан азаматы болғанын хабарлады. Үшеуі ауруханаға жатқызылды.

Жамбыл облыстық полициясы жол апатының себебін де атады. Тас жолдың 554-ші шақырымында "Жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған" деген белгі бар. Оларға Күйік асуымен түсуге болмайды.

Бірақ жүк көліктерінің жүргізушілері белгі мен полицияның ескертуіне қарамай, осы жолға түсе береді. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар болып жатады.

Соңғы жаңалықтар