"Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл көкпар": Желіде аттардың тұяғына тапталып қалған адамның жантүршігерлік видеосы пайда болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл көкпар": Желіде аттардың тұяғына тапталып қалған адамның жантүршігерлік видеосы пайда болды (ВИДЕО)

"Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл көкпар": Желіде аттардың тұяғына тапталып қалған адамның жантүршігерлік видеосы пайда болды (ВИДЕО)

Желіде аттардың  астында  қалып тапталған ер адамның жантүршігерлік видеосы пайда болды. 

  • 14 Сәуiр 2023
  • 181
Фото - Caravan.kz

Видеодан оқиға көкпар кезінде болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ойын алаңының шетінде жүрген ер адам өзіне қарай топырлап келген көкпаршылардан қашпақ болады. Алайда, үлгермей, көпкпаршылардың бірі оны атпен қағып құлатады. Қалған ойыншылар құлап жатқан азаматтың маңындағы көкпарға таласып одан бетер таптап кетеді.  

Оқиғаның қай өңірде болғаны белгісіз. 

"Ат үстіндегі бірде-бір жігіт құлаған адамға көмегін тигізбей кетті", — делінген видеода. 

Желі қолданушылары "Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұл көкпар", "Бастысы жеңіп, сыйлық алу болып тұр ғой", "Ең бастысы адамға көмек беру керек" деген түрлі пікірлерін білдіруде.


 

 

Соңғы жаңалықтар