"Ондай темір-терсекті балам жұтып қояды": Әли Оқапов не үшін медальдан бас тартты? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ондай темір-терсекті балам жұтып қояды": Әли Оқапов не үшін медальдан бас тартты?

"Ондай темір-терсекті балам жұтып қояды": Әли Оқапов не үшін медальдан бас тартты?

Әнші Әли Оқаповтың медальдан бас тартқаны жайлы халық арасында әңгіме бітер емес. 

  • 1 Қараша 2023
  • 179
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ораз Әлімбеков фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Әли Оқапов "қиналып" жатыр…

Достар-ау, "марапатқа лайық емес" деп Әли Оқаповты қатты қинап жібердіңдер ғой, түге. Әнеки, Әли "мемлекеттен "Құрмет" орденін сұраған жоқпын" деп шала бүлініп жатыр. Айтуынша, темір-терсектен жасалған салпыншақтар жас баласына қауіпті екен. "Құрмет" орденін қылғытып жұтып қоя ма деп қорқады-ау, сірә… Сондықтан құзырлы органдардан мемлекет берген салпыншақтарды кері қайтарудың процедурасын сұрапты. Қызық өзі… Егер Әлиге орден-медаль керек болмаса, алдын-ала марапаттан бас тартпай ма?!. Мысалы, өкімет қызметкерлері "ертең кеудеңе орден тағамыз, бұяққа кел" деп марапатталатын адамды шақырады. Сол кезде "маған орден-медалдің керегі жоқ, ондай темір-терсекті балам жұтып қояды" деп бас тартса болады ғой… Ал Әли болса марапат жиынға барады, орденді кеудесіне тағады, сықиып сүгіретке түседі… Ал бір-екі күннен кейін "мен орден сұраған жоқпын, кәйтіп кері қайтарсам болады" дегені қызық екен…

Эх, бір ордені кем дүние-ай…", деп жазды.  

"Бізге де бермейді екен. Бүкіл фб ға мақтанатын. Жыртылып", "Футболшылар да алды ғой. Әлиді қызғанатын шиібөрілер көп екен", "Өсектің көрігін басып, қыздырып жатқан "атпал азаматтарым-ай". Қатын-өсекке неге үйірміз? Осы тақырыптың әлі де мүжілмеген жері көп-ау деймін", деп жазды оқырмандар.  

Соңғы жаңалықтар