Жарияланды: 190

Өнер барысына биыл кімдер қатысады

Өнер барысына биыл кімдер қатысады

Өнер барысының биылғы жылғы ерекшелігі алып шаһар Алматы қаласында өтеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Өнер барысы -2020"- да былтырғыдан қарағанда биыл ерекшелік өте көп. Бұл жылы 22-Наурызда Алматы қаласында, Балуан Шолақ спорт-сарайында өтпекші. Сонымен қатар бағын сынайтын батырларда былтырғылар емес. 

Басты өзгеріс енді палуандар жалаң аяқ күресетін болады. Яғни аяқтарында барсовка болмайды. Өнер барысының 2019 жылғы жеңімпаздары Асылхан Төлепов пен Сырымбет Бибосынов қайта бақтарын сынайтын болады. Және олар былтырғы жеңістерін жаңарта алмаса олардан белбеуін алып қоймайды. Әр жылғы белбеу әр түрлі болсын деген шешімге тоқталған.

Былтыр еліміздегі өнерде жүрген ер жігіттерді сайысқа шақырғанда көбісі бас тартқан болатын. Бірақ бұл жылы өздері өтініш жазып, қатысуға бел буды. Және олар өте көп болды. Дегенмен де өтінімдердің ішінен нағыз жұлдызы жанып тұрған жігіттер іріктеліп алынды.

Енді шығып келе жатқан жас буын неге бізді қабылдамадыңыздар, біз осы арқылы танылғымыз келеді деген реніштерде болды.

Бірақ бұл жобаның мақсаты жаңадын жұлдыз жағу емес. Қазақстанның атақты жұлдыздары арқылы қазақша күресті насихаттау болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін