Өнер саласында оқитын студенттер саны өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнер саласында оқитын студенттер саны өсті

Өнер саласында оқитын студенттер саны өсті

Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы оқу орындарына түскен студенттер саны артты.

  • 20 Қаңтар 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аталған ведомствоның вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

«Жалпы, министрлікке бағынысты 10 оқу орнында

9 721 мың адам білім алып жатыр. Бүгінгі күні жастар арасында шығармашылық мамандықтарға қызығушылық артып келеді. 2022 жылы түлектер өтінімдерінің саны 30 пайызға өскен», — деді Н. Дәуешев министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 2 365 білім гранты бөлініп, 1 323 оқушы халықаралық және республикалық конкурстар мен түрлі олимпиадалардың жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар ол былтыр ономастикалық мәселелер бойынша комиссия отырыстарында 606 ұсыныс қаралды. Осы орайда 68 елді мекен


атауы өзгертілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздегі театрларда 300-ден астам жаңа туынды көрермен назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, Мәденит министрлігінің алқа мәжілісінде елімізде түсірілген үздік фильмдер туралы айтылды.

Соңғы жаңалықтар