Оңтүстік астананың Қысқы Олимпиаданы өткізуге барлық мүмкіндігі бар - Д. Ахметов - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік астананың Қысқы Олимпиаданы өткізуге барлық мүмкіндігі бар - Д. Ахметов

Оңтүстік астананың Қысқы Олимпиаданы өткізуге барлық мүмкіндігі бар - Д. Ахметов

ЕАЭК өкілдері Алматының тазалығына таңғалды. Шетелдік қонақтардың таңданысын Еуразиялық экономикалық комиссиясы энергетика және инфрақұрылым бойынша алқа мүшесі (министр) Даниал Ахметов жеткізді.

  • 10 Шiлде 2014
  • 828
Фото - Caravan.kz

«Мен Алматыда  2011 жылдан бері болмаған едім. Мен де, Алматыға келген шетелдік қонақтар да қаланың тазалығы мен көркіне таңғалдық. Қала жылдан-жылға тазарып келеді. Біз мұнда қала басшылығының жемісті жұмысын көріп отырмыз. Көліктік инфрақұрылымның жүйелі салынып жатқанын көріп отырмыз. Бастысы, Алматы біздің алдымызда басқаша қырынан ашыла түсті», — деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ Даниал Ахметов оңтүстік астананың Қысқы Олимпиаданы өткізуге барлық мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда Еуразиялық экономикалық комиссиясы энергетика және инфрақұрылым бойынша алқа мүшесі (министр) Даниал Ахметовтің төрағалығымен мұнай-газ жөніндегі консультативтік комитетінің кезектен тыс отырысы өткен болатын. Алқалы жиынға Беларусь, Ресей мемлекеттерінің өкілдері қатысты.