"Оңтүстік" Еркін экономикалық аймағының жаңа басшысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оңтүстік"  Еркін экономикалық аймағының  жаңа басшысы тағайындалды

"Оңтүстік" Еркін экономикалық аймағының жаңа басшысы тағайындалды

Шымкент. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік" еркін экономикалық аймағының (ЕЭА) жаңа басшысы тағайындалды. Бұл туралы "Онтүстік" ЕАА баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Қараша 2007
  • 438
Фото - Caravan.kz

Ақпарат бойынша, еркін экономикалық аймақтың жаңа басшылығына бұған дейін Батыс Қазақстанның Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркін басқарған Сергей Цой тағайындалды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, «Оңтүстік» ЕЭА-ты басқарған Өмірзақ Әмет қыркүйек айында өз еркімен жұмыстан шықты.

«Оңтүстік» ЕЭА мақта-тоқыма кластерін қалыптастыру мақсатында 2005 құрылған. Жоспар бойынша, аймақтың территориясында жиырмадан асатын тоқыма және жіп иіру кәсіпорындары бой көтеруге тиіс. Бұдан бұрын хабарлданғанындай, алғашқы кәсіпорындар 2007 іске қосылады деп айтылған, алайда осы күнге дейін «Онтүстік» ЕЭА нвесторлары кәсіпорындарды салуға кіріспеген.

Жылдың ортасында ЕАА аралап шыққан ҚР индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов ЭЕА құру жұмыстарының сылбырлығына алаңдаушылық білдерген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті