Оңтүстік Корея КХДР-ға жауап ретінде екі зымыран ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея КХДР-ға жауап ретінде екі зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея КХДР-ға жауап ретінде екі зымыран ұшырды

Оңтүстік Корея КХДР-ға жауап ретінде екі зымыран ұшырды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

  • 25 Мамыр 2022
  • 11
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранына жауап ретінде АҚШ пен Оңтүстік Корея АҚШ әскерінің тактикалық зымыран жүйесін (ATACMS) және оңтүстік кореялық SRBM Hyunmoo2-ні пайдаланып бірлескен тікелей атыс жаттығуларын өткізді. 

"Әскеріміздің күш көрсетуі Солтүстік Кореяның кез келген арандатуына, зымыран ұшыруына жауап беруге дайындығымызды, арандатушылық әрекеттерге соққы беруге әзір екенімізді көрсетуге арналған", — дедлінген хабарламада.

Сеул Жапон теңізіне қарай "Хенма-2" зымыранын, ал Вашингтон бір ATACMS снарядын ұшырды.


Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ель Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің алғашқы отырысында КХДР-дың зымыран ұшыруын "ауыр арандатушылық" деп айыптады.