Жарияланды: 50

Оңтүстік Кореяда баланы қағып қашып кеткен қазақстандық жігіт табылды

Оңтүстік Кореяда баланы қағып қашып кеткен қазақстандық жігіт табылды Сурет - Stan.kz

 

Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда баланы қаққан 20 жастағы жігіттің табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Күдікті табылды, онымен сөйлесті. Ол үйде, қамауда емес. Қазіргі уақытта кореялық тарап тиісті құжаттарды жіберіп отыр. Біз бұл құжаттарды бас прокуратураға тапсырдық, ол процедуралық әрекеттерді жалғастырады», - деді СІМ өкілі Айбек Смадыров брифингіде.

1999 жылы туған жігіт қазір Павлодарда.

«Апаттар мәселесі екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы құқықтық салада шешілетін болады. Ол тек ұшақ билетін сатып алып, ұшып кеткен», - деді СІМ.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіт туралы ақпарат жергілікті ақпарат құралдарында 20 қыркүйекте пайда болды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, қазақстандық азаматтың үшінші елдің аумағында жасырынып жатқандығын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін