Оңтүстік Кореяда қоймадан өрт шықты: екі қазақстандық қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда қоймадан өрт шықты: екі қазақстандық қаза тапты

Оңтүстік Кореяда қоймадан өрт шықты: екі қазақстандық қаза тапты

Оңтүстік Кореяның логистикалық қоймасының құрылыс алаңында болған өрт кезінде екі қазақстандық қаза тапты.

  • 30 Сәуiр 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

"2020 жылдың 29 сәуірінде Оңтүстік Кореяның Ичхон қаласындағы логистикалық қойманың құрылыс алаңында өрт болып, 38 адам қайтыс болды. Тағы 10 адам жарақат алды. Іздеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік әліметінше, 38 адамның 29-ы кім екені анықталды. Оның ішінде екі Қазақстан азаматы бар. Біздің дипломаттар Сеулмен байланыста. Тағы 9 адамның кім екені анықталып жатыр, жұмыстар жүргізіліп жатыр", — дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі. 

Айта кетейік, екі қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеген. 


Соңғы жаңалықтар