Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті отандасын 15 жерден пышақтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті отандасын 15 жерден пышақтап кетті

Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақ жігіті отандасын 15 жерден пышақтап кетті

29 ақпан күні Тхэбек (Taebaek) қаласында өмір сүріп жүрген отандасымыз Керімов Билібек пышақ жарақатына ие болды.

  • 5 Наурыз 2020
  • 1205
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Кореядағы Қазақ Қауымдастығының instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кореядағы Қазақ Қауымдастығында хабарланғандай, Билібектің сөзінше: қастандық жасаған — өзіміздің отандасымыз Арман есімді жігіт. Сол күні күндіз жұмыста болған түсінбеушілікке байланысты, кешке келіп есік алдында пышақтап кеткен. Қазіргі уақытта полиция Арманды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

 Билібек қазір Каннын қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Тергеушілердің сөзінше: Билібек Арманға кешірім бергенімен, бәрібір жазадан қашып-құтыла алмайды. Заң бойынша: жапа шеккен тарап кешірім бергеніменде, қасақана қылмыс болғандықтан, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Елшілік кәріс тілінен аударма жағынан ғана көмек бере алатындарын жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар