Жарияланды: 560

Оңтүстік Кореямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсеті туралы келісімшарт ратификацияланды

Сенат бүгінгі жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы келісімшартты ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

Құжат қол қою үшін мемлекет басшысына жіберілді. Кеклісім 2003 жылы қараша айында Сеул қаласында бекітілген. "Келісімшарт қылмыстық тексеруде ақпарат алмасу және құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан мен Кореяның құзырлы органдары арасында ынтымақтастықтың құқықтық негіздерін орнықтыруға бағытталған", - деп мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет тұжырымдамасында мәлімделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін