Жарияланды: 630

Оңтүстік Кореяның 240-тан астам фермасында құс тұмауы анықталды

Оңтүстік Кореяның 240-тан астам фермасында құс тұмауы анықталды

Оңтүстік Кореяда құс тұмауының таралуына қарсы шаралар әлі нәтижесін берген жоқ, деп хабарлады 24.кз.

Осы елде H5N6 вирусы алғаш рет қараша айының басында жабайы кұстар арасында тіркелген. Осы күнге дейін құс тумауы 240-тан астам фермада анықталды. Эпидемияны тоқтату үшін 24 миллионнан астам тауық пен үйрек жойылды. Үкімет вирус анықталған аймақтардан өнімді сыртқа шығаруға тыйым салды. Дерт жұққан орындарда дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Құс тұмауы вирусы адамға жұғатыны белгілі. Бірақ ғалымдардың айтуынша, H5N6 вирусынан Оңтүстік Корея тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ.

- Адамдарға құс тұмау жұқтыру оқиғалардың зерттегенде, ауырып қалған адамдар тірі құстар мен жұмыс істегені анықталды. Олар – тауықтар мен үйректерді өсірген немесе олардың етін сатқан адамдар. Кореяда осындай оқиғалар болған жоқ. Құс етін біз тек қана Қытайға экспорттаймыз. Қазір тауық және үйрек етінің экспорты тоқтатылды, деді Конкук университеті ветеринарлық медицина колледжінің профессоры Сонг Чанг Сон.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін