«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17-18 сәуірде Қызылорда, ал Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде сынап бағанасы түнде 0 — 5 градус суықтықты көрсетеді. Алматы және Жамбыл облыстарында 17 сәуірде қар, жаңбыр жауып, 18-19 сәуірде ауаның температурасы түнде 2 — 7 градус суыққа дейін төмендейді.
Таяудағы тәуліктерде нөсер күтілуге байланысты Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген тау өзендерінде жаңбырдан кейін тасқын жүруі мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті