Үш үміткердің есімі қалалық мәслихаттың, тағы бірі облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды. Барлық үміткерлер үшін сайлау алдындағы ортақ платформа бекітілді. Онда ауған соғысы ардагерлерінің депутат ретінде тындыратын іс-қызметінің басты бағыттары мен принциптері айқындалған.
ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері Одағының төрағасы Шәріп Өтегеновтың айтуынша, ауған соғысы ардагерлерінің облыстық және қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер ретінде ат ұсынудағы ұстанған басты мақсаты — Ауған соғысында мерт болғандар, соғыс мүгедектері мен ардагерлерге ауыз толтырып айтарлықтай көмек-жәрдем көрсету болып табылады. Өйткені, соғыс ардагерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, дәрігерлік көмек көрсету және соғыс зардабынан психологиялық сауықтыруда оларға өздерінен өзге ешкім де көмек бола алмайтынын уақыт көрсетіп берді. Ш.Өтегеновтың айтуынша, 1999-жылғы сайлауда Ауған соғысы ардагерлерінің тарапынан қолдау тапқан қазіргі халық қалаулыларының арасынан ауғандықтарға берген уәдесін күні бүгінге дейін бірде-бір депутат тіпті қаперіне де алмаған.
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам ауған соғысының ардагерлері тұрады. Жалпы алғанда Ауғанстандағы соғысқа Оңтүстік Қазақстан облысынан 2186 адам қатысып, олардың 65-і мерт болса, 3 адам хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында .
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр
Жаңалықтар
26 Сәуiр