Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің солтүстік аймақтарына 40 мың тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін сата алады
Шымкентте өткен келісім-шарт жәрмеңкесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан еліміздің солтүстік аймақтарына 40 мың тоннадан астам жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін сату туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаментінен хабарлады. |
Жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облыстық жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өндіруші 100-ден астам кәсіпорын қатысты. Жәрмеңкені тамашалауға еліміздің 11 облысы мен Астанадан өкілдер келді.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша солтүстік өңір өкілдері Оңтүстік Қазақстандықтардан 31,5 мың тонна жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін, 10 мың тонна бақшалық дақылдарды, 250 тонна өсімдік майы мен 300 тонна жүн сатып алуға шарт жасасты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін