Оңтүстік Қазақстан облысында 17 мың теңге үшін адам өлтірген күдіктілер құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 17 мың теңге үшін адам өлтірген күдіктілер құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында 17 мың теңге үшін адам өлтірген күдіктілер құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Сарыағаш ауданының тұрғынын өлтірді деген күдікпен үш адамды қолға түсірді.

  • 3 Қараша 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz


Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасы 20 мен 28 аралығындағы азаматтар жергілікті жердің тұрғындары болып шықты. Олар қылмысын мойындап, қаруды лақтырып тастаған жерді көрсетті.
Бұған дейін хабарланғандай, 27-қазан күні 41 жастағы ауыл тұрғынының үйіне баса көктеп кірген қылмыскерлер алдымен итті, содан соң үй иесін атып тастаған. Содан соң үйде жатқан 17 мың теңгені алып із суытады. Үй иесі ауруханада көз жұмды.