Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 23-қазанда 11 сағатта Қазығұрт ауданында, бұрынғы әскери полигон аумағында полиция қызметкерлері екі жарылмаған артиллериялық снаряд тауып алған.
«Снаряд табылған жерді Қазақстан Республикасыны Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары келгенше Қазығұрт АІІБ қызметкерлері қоршауға алды»,- деп қосты министрліктің баспасөз қызметіндегілер.
31 қазандағы жағдаймен нақтыланған ақпаратқа сәйкес, калибрі 152 мм болып табылатын барлығы үш снаряд табылды. 09 сағат 30 минутта снарядтарды ҚР Қорғаныс минисрлігінің саперлері оқиға орнында жойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті