Оңтүстік Қазақстан облысында 500 үй көгілдір отынсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 500 үй көгілдір отынсыз қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында 500 үй көгілдір отынсыз қалды

Астана. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында 500 үй көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 30 Мамыр 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 29 мамырда 11 сағат 35 минутта Шымкент қаласының «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ диспетчерлік қызметінің кезекшісінен жоғары қысымды жер асты газ құбырынан газ шығып жатқандығы жөнінде хабар келіп түсті. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, осыған байланысты 7 тарату шкафтық пункті өшірілді. Соның салдарынан асфальт зауыты мен 261 жай үй көгілдір отынсыз қалды.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, төтенше жағдайды ауыздықтау жұмыстарына «Қазтрансгаз-Аймақ»АҚ апатты жою бригадасының 8 қызметкері және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Жұмыстар бүгін аяқталады деп күтілуде.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 29 мамырда 20 сағат 30 минутта Жетісай қаласында «Қазтрансгаз-Аймақ» АҚ диспетчерлік қызметінің кезекшісінен «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі сыртта орталасқан орта қысымды газ құбырына ұрынып құбырлар дәнекерленген жерді жарды деген ақпарат келіп түсті. Соған байланысты газды тарататын 4 шкафтық пункті өшіріліп, жеке сектордың 250 абоненті газсыз қалды. Жөндеу жұмыстары бүгін сағат 9.00 басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті