Жарияланды: 350

Оңтүстік Қазақстан облысында болған екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында болған екі жол апатынан төрт адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 11 қарашада сағат 00.40-та Оңтүстік Қазақстан облысының Толе би ауданында Карл Маркс және Чапаевка ауылдарының арасында 25 жастағы "Ауди" жүргізушісі ағашқа соғылды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Тағы бір апат 12 қарашада сағат 00.18-де Шымкентте болды. Желтоқсан және Қонаев бульварының қиылысында екі "БМВ" көлігі соғысты. Апат салдарынан бір жүргізуші мен бес жолаушы ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін