Оңтүстік Қазақстан облысында дизельдік отын тапшылығы сезілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында дизельдік отын тапшылығы сезілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында дизельдік отын тапшылығы сезілуде

Шымкент. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дизельдік отын құны соңғы екі аптада 70 -тен 78 теңгеге көтерілді. Екі күннің ішінде оның бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды агенттік тілшісі жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 588
Фото - Caravan.kz

Жанар-жағар май құю бекеттерінің иелері мәлімдегеніндей, мұнай өңдеу зауыты облыстық май құю бекеттеріне дизельдік отын жеткізуді күрт азайтты. Дизельдік отынмен қамтамасыз ету қиындықтарын ауыл шаруашылық өндірісшілері үшін жанар- жағар май жеткізетін операторлар да сезініп отыр.

«Бүгінгі кезде дизельдік отын тапшылығы туындап отыр. Бұған дейін лимит болған, ал енді екі аптадан бері оны ала алмай отырмыз. Өтініштерді тапсырып жатырмыз, бірақ ештеңе жоқ», -деп мәлімдеді журналистерге «Азия-трейд» ЖШС менеджері Мақсат Снабаев.

Оның сөздері бойынша, солярканы «СинОйл» қытай компаниясының жанар -жағар май бекеттерінде сатып алуға болады. Бүгінде оның тапшылығына орай оның бағасы қымбаттап қалада оның бір литрі 78 теңгеге сатылуда. Ал аудандарда дизельдік отын құны 80 теңгеден асты.

ОҚО жанар-жағар май құю бекеттері қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың айтуынша, Шымкент мұнай өңдеу зауыты облыстық жанар-жағар май құю бекеттеріне дизельдік отынды жеткізу көлемін қысқартты.

«Біз call-орталығына хабарластық, онда зауытта дизельдік отын жоқ деп жауап қайтарылды. Соның салдарынан жанар-жағар май станцияларына мардымсыз көлемде отын бөлінеді екен. Бірақ біздің ақпаратымыз бойынша күн сайын мұнай өнімдері экспортқа жөнелтіліп жатыр. Енді ертеңгі күні не болатыны түсініксіз?» — деді Қ. Қамбаров.

Мамандардың сөздері бойынша, жанар -жағар май станцияларында солярканың жетіспеушілігі дизельдік отынмен жұмыс істейтін техниканы жұмылдырған құрылыс және тағы да басқа нысандардың жұмыс қарқындылығына әсерін тигізуде.

ОҚО ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары Қанатбек Оспанбеков агенттік тілшісіне хабарлағанындай, ауыл шаруашылық өндірісшілері үшін жанар -жағар май алудың өзіндік қиыншылықтары бар.

«Көктемгі егіндік жұмыстарына бізге 28 мың тонна бөлінді. Оның 9 мың тоннасы наурызда беріліп, 9 мың тоннасы сәуірде берілуі керек. Біз жанар- жағар майдың құнын толық төледік. Дегенмен, «ПетроҚазахстан Ойл Продактс» өзінің желісі бойынша отынды толық көлемді бермей отыр. Біз 10 сәуірге дейін ақшаны толық төледік, бүгін -24 сәуір. Олар бізге 2 мың 645 тонна көлемінде дизельдік отын берешек. Күн сайын 200-300 тонна көлемінде мардымсыз отын беріледі. Жетіспей отыр. Сондай-ақ, еркін нарықта да дизельдік отын жоқ», -деп түсіндірді Қ. Оспанбеков.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, арнайы оператор-фирмалар үкімет белгілеген квота көлемінде егіндік алқаптарда жұмыс істейтін ауыл шаруашылық техникаларын дизельдік отымен қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті