Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі сатушы топтан 10 килограмм героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі сатушы топтан 10 килограмм героин тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі сатушы топтан 10 килограмм героин тәркіленді

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау басқармасы жүргізген "Көктемгі нажағай" іс-шарасының барысында 9 адамнан құралған есірткі сатушы топтан 10 килограмм героин тәркіленді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі ҚР ІІМ ақпарат және бұқарамен байланыс орталығына сілтеме жасап.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

«13 сәуірде Шардара қаласына кіреберісте 8 килограмм героинді беріп жатқан кезде Шымкент тұрғыны болып табылатын есірткі тасушы мен оны алушы — облыстың 8 тұрғынынан тұратын топ құрықталды. Есірткі 8 орама түрінде полиэтилен дорбаға салыныпты. Қоғам үшін үлкен қауіп тудыратындығына байланысты топты құрықтауға «Бүркіт» арнаулы бөлімшесінің жауынгерлері жұмылдырылды», — деп хабарлайды баспасөз орталығы.

Бұдан кейінгі шаралардың барысында есірткі тасушыдан тағы да 2 килограмм героин тәркіленді, ол оны қараусыз қалған гаражда сақтаған.

10 килограмм героиннің құны «қара» базарда 40 млн теңге тұрады, ол 40 мың бір реттік дозаға жетеді, онымен оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық героинге тәуелді нашақорларды бір айға қамтамасыз етуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті