Оңтүстік Қазақстан облысында Еуроодақ елдеріне экспорттық қауын тиеу басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Еуроодақ елдеріне экспорттық қауын тиеу басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Еуроодақ елдеріне экспорттық қауын тиеу басталды

Шымкент. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында "Мырзашөл" сервистік дайындау орталығы Еуроодақ елдеріне қауын тасымалдау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды бастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясының" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Мақтаарал ауданының шаруа қожалықтары өсірген «Мырзашөл» сұрыбының қауыны фирмалық орамаға қапталады, +5 градусқа дейін тоңазытылады, газдық өңдеуден өткізіледі және рефрижератормен Латвия, Литва, Ресейге тасымалданады. Бұл ретте залалсыздандырылған және өсімі тоқтатылған қауын ұзақ сақталады және шетел супермаркеттерінің сөресіне тың күйінде келіп түседі», — деп хабарлады «Оңтүстік» ӘКК баспасөз хатшысы Әлия Есенбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар